«Әр итке көңіл бөлсең»: қамаудан шыққан Әбдіжаппар Әлқожа киімін өртеп, қарбыз жарды
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 шілде, 2024
- 4.1k
10 тәулікке қамалған әнші Әбдіжаппар Әлқожа бостандыққа шықты. Ол кезде киген киімін өртеп, қарбыз жарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы видеосын әнші желідегі парақшасында бөлісті. Бейнежазбаға мұңды ән қойып, Омар Хаямның сөзін қалдырған.
«Күйін кештім мен бүгін!
Көкбөрілердің жаралы.
Адым сайын аңдыған
Қақпаннан сирақ қанады.
Арландарым атылып
Бөртелер кезді даланы,
Айналамның барлығы
Шибөрі болып барады», - деген өлең шұмақтарын бөліскен.
Еске салсақ, 6 шілде күні полиция қызметкерлері Toyota Camry көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында аталған көліктің жүргізушісі көлік құралын басқару құқығынан айырылып, рөлде отырғанын анықтады. Әбдіжаппар Әлқожаның өзі басқа KIA Carnival көлігінде жолаушы ретінде болған. Ол сол сәтте тәртіп сақшыларына қысым көрсетіп, құқық бұзушыны тіркеуге кедергі келтіре бастағаны айтылған. Сонымен бірге, полицейлердің айтуынша, әнші мас күйде болған. Ол он тәулікке қамауға алынған еді.