Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

11 жылға сотталған Арыстанбек Мұхамедиұлы меншіктеп алған спорт мектебін қайтарды

11 жылға сотталған Арыстанбек Мұхамедиұлы меншіктеп алған спорт мектебін қайтарды
Сурет: kursiv.media
Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге дейін төмендету бойынша заң бұзушылықтар расталды

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының иелігіне өтіп кеткен спорт мектебі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Аталған нысанның құны 1,2 млрд теңгені құраған.

"17 шілдеде Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді. Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге дейін төмендету бойынша заң бұзушылықтар расталды", - деп жазылған прокуратура хабарламасында.

Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебінің әкімшілік ғимараты, спорт залдары және басқа да құрылыстардың көлемі 7,6 мың м2 құраған. Сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектепке Арыстанбек Мұхамедиұлына жақын тұлғаларға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен.

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2014-2019 жылдары еліміздің мәдениет және спорт министрі лауазымын атқарды. Ол 2022 жылдың мамыр айында қамауға алынып, 2024 жылдың наурыз айында 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар