Қоғам
Қызылорда облысында күйеуі 20 жастағы әйелін өлтіріп тастаған
- автор Томирис Тоныкөк
- 22 шілде, 2024
- 1.3k
Қойшы ауылында 20 жастағы әйелдің мәйіті табылған
Қызылорда облысында 20 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Полицейлер күдікті ретінде 25 жастағы күйеуін ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
21 шілдеде Шиелі ауданына қарасты Майлытоғай елді мекеніндегі Қойшы ауылында 20 жастағы әйелдің мәйіті табылған. Оның денесінен түрлі жарақат анықталған.
Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.
"Бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті ізін суытпай ұсталды. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда. Өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды", – делінген хабарламада.
Келесі мақала