30 шілдеден бастап кейбір банкноттармен төлем жасауға болмайтыны белгіленді
- автор Томирис Тоныкөк
- 23 шілде, 2024
- 721
Ұлттық валюта банкноттары мен монеталардың төлемақысын айқындау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жаңа түзетулерге сәйкес тозығы жеткен банкноттар қатарына келесілер жатады:
- бояғыш заттар төгілген;-бөгде жазбалары бар, оның ішінде: ультракүлгін жарықты түсірген кезде көрінетін, арнайы химиялық ұнтақпен өңделген;
- машинамен оқылатын белгілерді көрсетпейтін;
- жыртылған, желімденген немесе желімденбеген бөліктері сөзсіз бір банкноттікі және бірге Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын құрайтын банкноттар;
- бұрышынан немесе шетінен өлшемінің 1%-нан астамын жоғалтқан, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын сақтап қалған;-түссіз жабысқақ лентамен желімденген жыртығы бар;
- банкноттағы тесіктердің болуы оны айналыстан шығару үшін тесілгенін білдіретін жағдайларды қоспағанда, диаметрі 3 және одан астам миллиметр болатын ойықтары, тесіктері және жыртықтары бар;
- банкнот бейнесі жойылуына әкеп соқтырған сырылу белгілері бар;
- от шалған және күйген, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70%-ын сақтап қалған;
- банкнот бейнесі мен ашықтығы төмендеуіне әкеп соқтырған, бет және сырт жақтары кірлеген банкноттар тозған банкноттар болып табылады. Кірлеу дегеніміз шаңның, кірдің, майдың және басқа да ластағыш заттардың болуы салдарынан беті қарайған банкноттардың жай-күйі;
- үлбіреген және қағаздың қаттылығы жойылған;
- банкноттарды сақтау және қауіпсіз тасымалдауға арналған құрылғыларда пайдаланылатын арнайы бояумен боялған.
Қаулы 2024 жылғы 30 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қыз өлі табылды
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық инновациялық Kaspi.kz компаниясы Түркия нарығына шығады
- авторkyn.kz
- 18 қазан, 2024