Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қыз өлі табылды

Алматы облысында жоғалып кеткен үш жасар қыз өлі табылды
Сурет: Ашық дереккөздерден
Күдіктілер қамауда отыр

Алматы облысында осы жылдың наурыз айында жоғалып кеткен үш жасар қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Үш жасар Айя-Софияның денесі табылғаны туралы волонтерлер Instagram парақшасында жазды.  

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов 22 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам мәйітінің табылғаны туралы хабар түскенін мәлімдеді.

«Сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып, жасалып жатыр. Күдіктілер қамауда отыр», — деді ол.

Айта кетсек, 17 наурыз күні сағат 16:00 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жасар қыз үйінен шығып кеткен.

Бүлдіршінді іздеуге тікұшақ пен дрон жұмылдырылды.  

Алматы облыстық полиция департаменті үш жасар қызға қатысты сотқа дейінгі басталғанын мәлім етті.   

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар