Спорт
Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен жүлделі оралды
- автор kyn.kz
- 23 шілде, 2024
- 367
Таиландта грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды.
Olympic.kz хабарлауынша, аталған сында қазақстандық балуандар 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.
Юсуф Ашрапов (67 келі) пен Ерасыл Жеңіс (82 келі) алттын жүлдегер атанды.
Арсен Жұма, Бағылан Қуанышев, Рахат Бержанов пен Джохар Узаровтың еншісінде күміс бар.
Ал Айбек Айтбеков, Тайым Амангелді және Диас Сейітқалиевтер турнирдің қола жүлдегерлері атанды.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 185 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024