Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақмола облысында тағы бір түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады

Ақмола облысында тағы бір түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады
Сурет: telegram.org/@gylym_jogary_bilim
Қазіргі уақытта Айым Ержанова 140 балдың екінші иегері атанды және конкурсқа ең жоғары балмен қатысады

Ақмола облысы Қосшы қаласының түлегі Айым Ержанова ҰБТ-дан 140 балл алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Telegram-дағы арнасында мәлімдеді. Жас түлек ҰБТ-ның өзінен 90 балл жинаған. Содан IELTS халықаралық сертификатының баллын ҰБТ баллына ауыстырған.

"Айым ҰБТ-ны төрт пән бойынша тапсырып, 90 балл жинады. Сонымен қатар ол "Ағылшын тілі" пәні бойынша балдарды ауыстыру үшін IELTS халықаралық сертификатын ұсынды. Ережелерге сәйкес, IELTS балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш беріп, сертификаттың растығы анықталған соң жоғары оқу орнынының қабылдау комиссиясы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша қазіргі уақытта Айым Ержанова 140 балдың екінші иегері атанды және конкурсқа ең жоғары балмен қатысады", - делінген министрліктің желідегі хабарламасында.

Сондай-ақ IELTS халықаралық сертификатындағы балдарды ауыстыруды есепке алғанда, Ақмола облысы Қосшы қаласының талапкері Мардан Күншығаров 139 балға ие болған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар