Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады
ogoh.uz
Еліміздің солтүстігінде аздап жауын күтілуде.

Қазақстанның оңтүстігінде алдағы күндері 45 градусқа дейін аптап күтіледі. Еліміздің басқа аймақтарында жаңбыр жауады деп болжанған. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KYN.KZ  хабарлайды. 

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, алдағы тәуліктерде антициклон республиканың солтүстік-батысына қарай ойысады. Ал атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшеюі ықтимал.

Сонымен қатар еліміздің солтүстік-батысында, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстікте нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі.

"Күндіз батыста ауа температурасы +23...+33°С, солтүстік-батыста +15...+28°С, солтүстікте +18... +28°C, орталықта +25...+35°C дейін көтеріледі. Сондай-ақ ауа температурасы республиканың шығысында +25...+37°C, оңтүстікте +35...+45°С, оңтүстік-шығыста +35...+43°С дейін жетеді", - деді синоптиктер. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/society/2139126-qazaqstanda-aldagy-kunderi-45-gradusqa-deiin-ystyq-bolady/

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар