Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сектаға түсіп, миы уланған»: Байжанов әйелі мен балаларын үйден қуып шықпақшы

«Сектаға түсіп, миы уланған»: Байжанов әйелі мен балаларын үйден қуып шықпақшы
Сурет: видеодан скриншот
Ол күйеуімен 20 жыл азаматтық некеде тұрып келген

Желі қолданушысы күйеуі өзін балаларымен бірге үйден шыққалы жатқанын айтып, президенттен көмек сұрады. Ол Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Желі қолданушысы Бибігүл Ақанова Ақмола облысы Жарқайың ауданына қарасты Тасты-Талды ауылының тұрғыны. Ол күйеуімен 20 жыл азаматтық некеде тұрып келген.

«Бүгін, 24 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасағым келеді. Мен Бибігүл Ақанова 1976 жылы тудым, менің 4 балам бар. Күйеуіммен азаматтық некеде 20 жыл отастық. Балалардың тегі әкесінікі. Екеуміз бірге зәулім үй салдық. Ол сектаға түсіп, миы уланған. Ол үйді басқа біреудің атына аударған. Енді біз далада қалдық. Бүгін бізді шығарып жатыр. Жоғарғы сотттың шешімін күтіп отырмыз. Шешімнің уақытын 1-2 ай уақытқа шегерткім келген еді. Бірақ сот орындаушылары шешімді күткісі келмей отыр», - деді ол.

Автор жүктеген видеода күйеуінің олардың үйден кетуін күтіп отырғанын байқауға болады.

«Ерлан Байжанов туыстарын, асыранды баласын ертіп келіп, 4 баласын үйден қумақшы. Өзге балаларға қамқорлық көрсетіп, туған баласын өзегінен теуіп жатыр. Жүзіңді көрсет, ел көрсін», - дейді Бибігүл Ақанова.

@sagandykovna_b

 

♬ оригинальный звук - АБС

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар