"Қазселденқорғау" экс-басшысы Көкірекбаев қамауға алынды
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 шілде, 2024
- 476
Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және "Қазселденқорғау" экс-басшысы Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
2024 жылдың 7 маусымында Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ақтаған.
Оның орынбасары Ахатаев пара алғаны үшін, ал Bazis Construction Infr ЖШС филиалының директоры Поплавский аса ірі мөлшерде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
"Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2024 жылдың 7 маусымдағы алқабилердің қатысуымен Кәрім Көкірекбаевқа, Әділ Ахатаевқа, Андрей Поплавскийға шыққан үкімнің күші жойылсын. Қылмыстық іс басты сот талқылауын өткізу үшін іс қаралған сотқа жолдансын", - делінген іс материалдарында.
Орынбасары және пара беруші ЖШС директоры – екеуі де сот шешімімен 11 жылға сотталды.
Алматы облысының прокуратурасы бірінші сатыдағы соттың қателіктеріне байланысты Көкрекбаев үкіміне апелляциялық шағым түсірді.
2024 жылғы 25 шілдеде Алматы облыстық соты апелляцияны қанағаттандырып, істі қайтадан қарауға жіберді. Үкімнің күшін жойды. Кәрім Көкрекбаев сот залында қамауға алынды.
26 жастағы бойжеткен жігітін 3 еркектің зорлағанын айтты
Ұқсас жаңалықтар
«Бәріміз де қыз асырап отырмыз»: Мәжілісте қыз алып қашу мәселесі көтерілді
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024