«Сара ең әдемі қыз»: Тұрар Ыдырыс актрисаның өзіне қарамайтынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 шілде, 2024
- 879
Белгілі әнші Тұрар Ыдырыс Сара Амангелді екеуінің қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі үйленуге асықпайтынын да жасырмады. Уақыты келгенде бақытын табатынына сенетінін жеткізді.
“Басым бос, жүрегім бос. Білмеймін енді, әзірге бұйырмаған ғой. Бір бұйырған күні болатын шығар. Қызға қояр талабым көп емес. Бастысы менің адамым болса болды ғой. Уақыты келмей жатыр деп ойлаймын. Әйтпесе менің де бір маңдайыма жазылған бақытым бар шығар. Ешкім жүрегімді жаралаған жоқ. Барлығы жақсы. Мен 28 жас деген қатты қорқынышты жас деп ойламаймын. Мен қатты үйленбей қалатын болдым деп уайымдамайды екенмін", – деді өнер иесі.
Тұрар Ыдырыс Сара Амангелді туралы айтып, екеуіне қатысты айтылып жатқан қауесеттерге нүкте қойды.
“Біз Сарамен жай ғана доспыз. Ешқандай қарым-қатынас болған жоқ. Тек бірге киноға түстік. Екеуміз жұптың рөлін ойнадық. Халық сенді ойынымызға да, рөліміз де шынайы шықты. Мұндай нәрсеге үйреніп қалғанмын. Сара ең әдемі, ең ақылды, ең талантты қыз, оған таласым жоқ. Былай айтқанда, Сара маған қарамайды", – деді әнші.