Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мұндай тіпті Түркияда жоқ: президент Қазақстанның үздік курорттарын атады

Мұндай тіпті Түркияда жоқ: президент Қазақстанның үздік курорттарын атады
ашық дереккөз
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет таяу жылдары дамытатын Қазақстанның курорттық аймақтарын тізіп шықты.
Sputnik.kz сайты жазды. Мемлекет басшысының айтуынша, туризмді дамытатын уақыт келді. Егер бұған дейін басқа салаларға басымдық берілсе, қазір үкімет мүшелері мен жергілікті атқарушы органдар туристерді тарту мәселесімен айналысуы қажет. Назарбаев Қазақстанға туристерді тартуға болатын басты орындардың қатарында "Бурабай" курортын, Алакөл көлін, Имантау-Шалқар және Баянауыл курорт аймағын, Каспий жағалауын, Түркістан қаласы мен Шарын шатқалын атады. "Біздің мақсатымыз – Қазақстанның мүмкіндігін, біздің еліміз қаншалықты әдемі екенін және туризмді дамытып жатқанымызды көрсету. Ол үшін жағдай жасау керек. Біз енді барлық нысанға инфрақұрылым тартумен айналысуымыз керек. Мұндай жұмысты мемлекеттен басқа ешкім істемейді", — деді Қазақстан президенті Щучьедегі "Бурабай" халықаралық шаңғы базасын аралау кезінде. Мемлекет басшысы 2023 жылға дейінгі туризмді дамытудың бесжылдық бағдарламасы жасалғанын мәлімдеді. Оған Қазақстанның негізгі демалыс аймақтарын дамыту жоспары кіреді. "Мен Алакөлде болдым. Бұл бірегей курорттық аймақ. Оны енді-енді дамытып жатырмыз. Алакөлге автокөлік жолы, теміржол барды, енді Үшаралдағы әуежайды дамыту керек. Алакөлдегі жағажайда жылына 95 күн шомылуға болады. Маған шомылу маусымы кезінде осынша уақыт жұмыс істейтін курортты тауып беріңізші, тіпті Түркияда осыншалық жұмыс істемейді", — деп түйіндеді президент.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар