Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайлық өзгені балағаттағаны үшін 60 мың теңге айыппұл төлейтін болды

Қостанайлық өзгені балағаттағаны үшін 60 мың теңге айыппұл төлейтін болды
ашық дереккөз
Ер адам демалыс орнының әкімшісіне дауыс көтерген
Бұл жайлы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ жазады. Іс деректеріне сүйенсек, осы жылдың 12 мамыры күні Қостанай ауданы Затобол ауылының тұрғыны жергілікті демалыс орны әкімшісімен сөзге келіп қалған. «Айыпталушы әкімшінің ар-намысын төмендететін сөздер айтып, балағаттаған. Сот іс деректерін қарап, сот отырысында ұсынылған дәлелдемелерді зерттеп, қала тұрғынының қылмыстық теріс қылық жасағанын дәлелдеді. Айыпталушының кәмелеттік жасқа толмаған баласының болуы оның жазасын жеңілдетті», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында. Жәбірленуші моральдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық талабы бойынша 100 000 теңге көлемінде қаржы сұраған. Алайда, сот жәбірленушінің талабын ішінара қанағаттандырды. Қостанай аудандық сотының үкімімен әкімшіні балағаттаған әйел кінәлі деп танылды. Ол жәбірленушіге моральдық зиян келтіргені үшін 60125 теңге айыппұл төлейді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар