
64 жастағы ақсақал Олимпиаданы көруге әдейі велосипедпен шыққан.
64 жастағы Раббым Борашев мамыр айында велосипедпен Ақтаудан шығып, Парижге жетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол Тбилиси, Анкара, София, Белград, Будапешт, Вена және Мюнхен жолдары арқылы 5000 шақырым жүріп, Триумфальды аркаға жетті. Оны Қазақстаннан келген туристер, қазақ диаспорасы және француз азаматтары қарсы алды.
Борашевті қарсы алуға Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова мен туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев қатысты.
Еске сала кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Атырауда бассейндердің бірінде бірнеше адам хлордан уланды
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 шілде, 2025
Қоғам
+ 41 градусқа дейін ыстық: 14 шілдеге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 14 шілде, 2025