Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Премьер-министр Бектенов заңсыз ағаш кесушілерді "мемлекеттің жауы" деп атады

Премьер-министр Бектенов заңсыз ағаш кесушілерді "мемлекеттің жауы" деп атады
primerministr.kz
Үкімет басшысы "Семей орманы" аумағында құқықтық тәртіптің сақталуын қатаң бақылау қажеттігін атап өтті.

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында "мемлекеттің жауларына" қарсы күресуге шақырды, - деп хабарлайды Kyn.kz тілшісі.

 Бүгінде ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен орманды заңсыз кесу және ұрлау деректерін анықтады.

"Өткен жылы алапат өрт орын алды – біз 66 мың гектар орман қорын жоғалттық. Бұл бүкіл "Семей орманы" алқабының оннан бір бөлігі, сондықтан орман өрттерінің алдын алу өте маңызды міндет. Біз Президенттің тапсырмасы бойынша биыл бірінші болып соққы қабылдайтын ТЖМ және орман шаруашылығы құрылымдарын техникамен жабдықтау бағдарламасын қолға алдық.

Аталған бағдарламаны жалғастырып, сіздерді заманауи техникамен қамтамасыз етеміз. Айтқым келген тағы бір маңызды мәселе – заңсыз ағаш кесумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтар туралы. Олармен күресу керек. Сіздер олардың бар екенін менен жақсы білесіздер. Мен тіпті жекелеген қызметкерлерге заңсыз ағаш кесуге кедергі келтірмеу қаупі төніп тұрғанын білемін. Міне, мұнымен күресу керек. Бұл жерде Ішкі істер министрлігі өте мұқият назар аударуы қажет.

Орман – біздің ұлттық байлығымыз. Заңсыз ағаш кесумен айналысатындар – мемлекеттің жауы. Мұнда бүкіл мемлекет күш салып, түбегейлі соққы беруі керек. Бұл сіздердің және құқық қорғау органдарының міндеті", - деді Олжас Бектенов.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар