Спорт
Журналист Парижге барудан бас тартқан Рыбакинаның "жұлдыз" ауруына шалдыққанын айтты (ВИДЕО)
- автор kyn.kz
- 27 шілде, 2024
- 768
Сәттібайұлы: Парижге өзі бармаса да суреті барыпты...
Белгілі журналист Көсемәлі Сәттібайұлы Париж олимпиадасына қатысудан бас тартқан Елена Рыбакинаға шүйлікті. Журналист спортшының "жұлдыз" ауруына шалдыққанын жазған.
Өзі бармаса да суреті барыпты. "Жұлдыз" ауруымен ауырған Еленаның жаңа қырлары мен сырлары ашылып жатыр, - деді журналист.
Еске сала кетейік, Ресей федерациясында туып, Қазақстан атынан жарыстарға қатысып жүрген теннисші Елена Рыбакинаның күтпеген жерден Париж олимпиадасына қатысудан бас тартты. Спортшының мұндай шешімі жанкүйерлердің ызасын тудырды. Теннисшінің өзі олимпиадаға денсаулығына байланысты қатыспайтынын айтады.