Нысана көздеуден Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.
10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Ислам Сәтпаев пен Александра Ле қола медаль жеңіп алды.
Кіші финалда олар Германия құрамасынан басым түсті. Есеп - 17:5.
Осылайша, араға ұзақ үзіліс салып мергендер Олимпиада медалін еншіледі.
Айта кетелік, нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері - Ольга Довгун.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Талдықорғанда допинг дауына іліккен спортшы Қазақстан чемпионы атанды
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 қараша, 2024