Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мүшесін аузына алуға мәжбүрлеген»: Қостанайда 5 жасар қызды үш ұл топтасып зорлаған

«Мүшесін аузына алуға мәжбүрлеген»: Қостанайда 5 жасар қызды үш ұл топтасып зорлаған
Сурет: sputnik.kg
Анасы велосипед құрастырып жатқанда қызын көршінің баласы алып кеткен

Қостанайда бес жасар қызды жеткіншек жастағы үш ұл топтасып зорлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қыздың анасы #НеМолчиKZ ұйымына мәлімдеген.

«Оқиға 6 шілде күні болған. Анасы қызына велосипед сатып алып, тосынсый жасамақ болған. Көршісі екеуі велосипедті құрастырып жатқанда, таныс көршінің баласы қызды үйдің артына ертіп кетеді. Артынша анасы қызын іздей бастайды. Біраз уақыт өткен. Кейіннен ойыншықтары салынған мешокты сүйретіп, үсті-басы кірлеген қызын көреді. Не болғанын түсінбеген соң, қызын ұрыса жөнелген. Бұл әрекеті үшін өкінгенін жасырмайды. Қыз тұйықталып, оқиғаны айтпаған. Шындық 20 шілде күні анықталады. Қыз болған жағдайды атасына айтып береді. Осыдан кейін полицияға арыз жазады. Белгілі болғандай, қызды үш бала алыс жерге апарып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Қызды шешіндірген, екі ұл күш көрсеткен. Айғайлап, қарсыласқан қыздың таспен самайынан ұрған. Ұлдар қыздың интимдік жерін ұстап, өздерінің мүшесін аузына алуға мәжбүрлеген. Қыз үндемесін деген оймен, кішкентай қызға мешокпен ойыншық берген. Мұны қыз атасына екі апта өткеннен кейін айтқан. Полиция сараптамалар тағайындап, жауап алды. Мемлекеттік адвокат пен мектеп психологы шақырылды. Балалар өз кінәсін мойындады», - деп жазды ұйым желідегі парақшасында.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар