Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қонаевта ер адам автобустағы жолаушыны пышақтап тастады (ВИДЕО)

Қонаевта ер адам автобустағы жолаушыны пышақтап тастады (ВИДЕО)
Турар Казангапов
Жолаушының мойынын пышақпен орып жіберген күдікті қазір қамауда.

Қонаев қаласында маршруттық автобустардың бірінде қанға ұласқан жанжал орын алды, - деп хабарлайды  Kyn.kz тілшісі  Адырна сайтына сілтеме жасап.

Жолаушылардың бірі екіншісіне пышақ сұққан.

Видеолардың бірінде қан-жоса болған ер адам бейнеленген. Куәгерлердің айтуынша, мойын тұсынан пышақпен жараланған ер адам қыздың үстіне құлап кете жаздады.

Қонаев полициясының мәліметінше, шабуыл жасаған адам қазір ұсталған.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қонаев полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шарасында қоғамдық көлікте 41 жастағы ер адамды пышақтап кеткен 36 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстап, полицияға әкелді. Адам өлтіруге оқталу фактісі бойынша қалалық полицияға тіркелді», - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Зардап шеккен жолаушының жағдайы әзірге белгісіз.

 

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар