Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«25 жасқа дейін»: Айнұр Тұрсынбаева атақты адамдардың өліміне қатысты жазба жариялады

«25 жасқа дейін»: Айнұр Тұрсынбаева атақты адамдардың өліміне қатысты жазба жариялады
Сурет: Ашық дереккөздерден
Ендеше жақсы ойлап, тек қана жақсы сөз сөйлеп үйренейік

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева танымал адамар өлімдерін өздері тілеп алғанын айтып, күтпеген жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ақын ауыздан шыққан әр сөздің киесі барын айтып, көпшілікті ойландырып қойды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.

«Сөздің киесі бар. Қыршынынан қиылған Денис Теннен «спортта қай жасқа дейін жүресің?» деп сұрағанда, «25 жасқа дейін» деп жауап берген. Оның 25-ке жетпей қаза тапқаны естеріңізде шығар?», – деді Айнұр Тұрсынбаева.

«Оразалы Досбосынов деген алапат ақын досым көбінесе сөзді:
«Атым Ораз болғанмен,
Отыздан жасым аспаған,
Иегін сақал жаппаған.
Сүйінбаймын, Жамбылмын,
Таңжырықпын, Шарғынмын» деп бастайтын…

Шынында жасы отыздан аспады, небәрі 29 жасында жарық дүниемен қош айтысып кете берді», – деп жазды.

Айнұр Тұрсынбаева танымал адамдардың көзіттірісінде айтып кеткен сөздерін мысалға алды.

«Кейін Оралдан Асылбек деген ақын бала шықты. Сол бала өзінің ең соңғы айтысында:
«Бір күнде бес ақынмен,
Айтысып бәрін жеңетін,
Оразалының жолын бер» деп жырлаған екен. Арада көп уақыт өтпей жап-жас Асылбек тура Оразалы ағасы құсап жол апатынан қаза тапты», – деп тағы бір дерек келтірді ақын.

«Атақты Мұқағалидың да:
«Ұйықтап кетсем болғаны төсегімде,
Қырықтың бесеуінде» деген өлеңі бар.. Ақиық ақын шынында 45 жасында дүниеден өткен еді”,- деп жазды ақын.

Сөйтіп ауыздағы сөзге абай болуға шақырды.

«Біз көбінесе сөзге мән бермей жатамыз. Әсіресе, ашулансақ, балаларға ұрыссақ артық кетіп қаламыз. «Өстіп жүріп бір бәлеге ұрынасың, суық тиіп өлесің, оқудан шығарып жібереді, адам болмайсың, енеңнен таяқ жейсің, басыңды асырай алмайсың» деген сияқты артық сөздерді айтып жібереміз. Исламда «жақсы сөз сөйле, болмаса үндеме» деген xадис бар. Ендеше жақсы ойлап, тек қана жақсы сөз сөйлеп үйренейік. Сонда бәрі де жақсы болады», – деді Айнұр Тұрсынбаева.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар