«Сен әнші болмай-ақ қой»: 19 жыл бұрын Сәкен Майғазиев бата берген бала АҚШ-қа оқуға түсті
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 тамыз, 2024
- 612
Әнші Сәкен Майғазиевтің бата берген баласы АҚШ-қа оқуға түскен. Бұл туралы әнші өзінің жеке парақшасында жазып, қуанышын білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, 19 жыл бұрын Жетісу өңіріне қонаққа барғанда сондағы кішкентай балаға батасын берген екен.
«Екі күн бұрын орталық клиникалық аурухана дәлізінде жүзінен нұр төгілген келіншек пен оның қасындағы 16 жастар шамасындағы қызымен жылы ұшырап амандастық. Шырамытқаныммен, танымадым. Сөйтсем, 19 жыл бұрын, яғни 2005 жылы жер жәннаты Жетісуда бұл кісілердің қара шаңырағында қонақта болыппыз. Сол үйдің көз қуанышы, еркесі осы суреттегі Сезім есімді баланы (шамамен 2-3 жаста болса керек) ата-анасы менің қолыма ұсынып, аузына түкіруімді өтініпті. Алланың қалап, аузыма салып тұрғаны ғой, кішкентай Сезім ұлымызға ақ жол, жарқын болашақ тілеп: «Сен әнші болмай-ақ қой, сен асқан білім мен ғылымның иесі бол» деп бата берген екем. 30 жасымда не деген бата десеңші! Сезім Ертаңатов әлем бойынша 55 мың үміткердің ішінен топ жарып, 2021 жылы Гарвард университетінің оқу грантына ие болыпты. «Сезім Гарвард» деп «гуглдата» қойып едім, Сезім Ертаңатов туралы ақпарат атып шықты. Айтқым келгені, бір бірімізге жақсылық тілеп, жақсы сөйлеп, жақсы ойлап, қолдап, демеп жүрейікші. Жақсы сөз – жарым ырыс», – деп жазды әнші.
Ұқсас жаңалықтар
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024