«Соңғы Олимпиадам екенін білдім»: Елдос Сметов спорттан кететінін мәлімдеді
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 тамыз, 2024
- 742
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов 2024 жылғы Париж ойындары - карьерасындағы соңғы Олимпиада екенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Vesti.kz сілтеме жасап.
60 келіде өнер көрсететін 31 жастағы балуан 2016 жылы Риода күміс, 2020 жылы Токиода қола және Парижде алтын алып, жүлделер топтамасын толық жинады.
"Егер жауапкершілікті ойлай берсең, ештеңе өзгермейді, адам қажып кетеді, сондықтан мен тек жарысты ойладым. Бұл менің соңғы Олимпиадам екенін білдім. Менің карьерам аяқталуға жақын екенін де ойладым. Сондықтан барымды салдым. Ата-анама, отбасым мен балаларыма уәде берген едім, жеңіспен ораламын деп. Олардың сенімі мен қоладауы мені ынталандырды. Бес балам бар, менің қымбат бөлшегім, ата-анам, аға-іні мен әпке-қарындастарым. Бұл жеңісті мен бүкіл қазақ елі мен жақындарыма арнаймын", - дейді Елдос Сметов.
Түлкібас ауданының білім бөлімінің басшысы өлі табылды
Ұқсас жаңалықтар
«Әке» деді»: Илья Ильин қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 29 қазан, 2024