«Терсең жамандық көп»: Ырысбала Икрамбай енелерін мақтаған келіндерге ақша таратты
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 тамыз, 2024
- 1.0k
Қайырымдылықпен айналысып жүрген блогер Ырысбала Икрамбай енелерін мақтаған келіндерге 50 мың теңге беретінін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, қазір «енеңнен естіген ауыр сөз» деген секілді тренд жүріп жатыр екен. Соған қарсы блогер де келіндер арасында ұтыс ұйымдастырды.
«Ана құрсағынан бала мына өмірге келгенде, қоршаған ортаға үйрену үшін қырық күн қайнаған суға шомылдырып, тамақтандыратын анасы диета ұстап, тіпті киімдерін жеке жуып үтіктеп кигізіп өбектейміз. Жалпы кез келген қыз тұрмысқа шыққанда өзі білмейтін ортаға барып, екінші рет жаңа өмір бастайды. Сол уақытта қолдау мен түрлі қиындық қыз ғұмырымен қош айтысқан келінді жас шыбықты ыңғайға қарай майыстырады. Тиктокта «енеңнен естіген ең ауыр сөзің» деген тренд бар екен. Жалпы, терсең жамандық көп қой. Сол трендті жақсы жаққа қарай өзгертейікші: енеңнің әйтеуір бір рет болсын саған айтқан жақсы сөзі бар шығар немесе енеңізбен қызықты оқиғаңызды жазыңыз. «Енем жаман деме. Енемнен естіген жақсы сөзім: осының бәрі сенің арқаң» дегені бар айналайындар. Осыны естіп 1 апта ұйықтай алмай қалғаным бар. Кімнің оқиғасы ең қызық, ең көп лайк жинайды 50 мың теңге жіберемін», – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары блогердің үндеуіннен кейін жарыса енелерін мақтай жөнелді. Тіпті бір оқырман ерекше пікір жазып, 50 мың теңгені ұтып алды.
Ұқсас жаңалықтар
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024