Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсебаев Парижде жартылай финалға шыққан Нұрбек Оралбайға ағалық ақылын, жанкүйерлік өтінішін айтты.
Бақыт Сәрсекбаев бүгін жартылай финалда өнер кқрсететін Нұрбек Оралбайға зор үміт артып отырғанын айтты, деп жазды Kyn.kz тілшісі.
"Ағайын, мына бір нәрсені түсінуміз керек. Олимпиада ол әкеңнің төрі емес, ешкім басыңнан сипамайды. Олимпиадаға соғысқа дайындалғандай дайындалып, тас түйін болып баруың қажет.
Төрт жылда бір келетін, тек мыңнан бір спортшының өмірінде кездесетін додаға әркім де алтын аламын деп барады. Бұл жерде тең дәрежеде жекпе-жек көрсеттің бе, демек мүмкіндік жоқ. Тек қана айқын басымдылық қажет. Бір емес, екі бас жоғары болсаң ғана жеңісті жұлып алуға болады. Енді үміт Нұрбек сенде! Бүкіл қазақ тілеуіңді тілеп отыр! Бокстың түсіп бара жатқан абыройын көтеріп, бәрімізді бір серпілтіп тасташы!", - дейді Бақыт Сәрсекбаев.
Келесі мақала
Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Бес баланың анасы бокстан Азия чемпионатында жеңіске жетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024