Басты жаңалықтар
Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада қонақжайлылық университетін ашуды ұсынды
- автор kyn.kz
- 11 шілде, 2018
- 399
Министрдің сөзінше онда оқыған азаматтар әлемнің кез келген мемлекетінде сұранысқа ие маман болады
Президент алдында ұсынысын айтқан министр егер ондай ЖОО ашылса Қазақстанға туристерді тарту оңай болады дейді.
«Біздің міндетіміз - халықаралық бейіндік мектептердің үздік тәжірибесі бойынша біліктілігі жоғары кадрларды дайындау. Бұл үшін Астанада Орталық Азиядағы тұңғыш халықаралық туризм және қонақжайлылық университетін ашуды ұсынамын.
Оның дипломы бүкіл әлемде мойындалуы тиіс», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы Бурабайдағы шаңғы базасын таныстыру аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа оқыған баяндамасында.
Оның айтуынша, мұндай университет білім берудің инновациялық моделін қалыптастырып, әлемнің жетекші оқу орындарымен оқу жоспарларын, тәжірибелерді интеграциялау жолымен жаңа білімді жедел жеткізуге мүмкіндік береді.