Басты жаңалықтар
Біз бұрыннан бөлек бөлмелерде түнейміз: Алла Пугачева Галкинмен некесі жайлы ашық айтты
- автор kyn.kz
- 11 шілде, 2018
- 560
Алла Пугачева ұзақ мерзімнен кейін алғаш рет өзінің некесі, балалары мен кәрілік жайлы сұхбат берді.
Ресей эстрадасының примадоннасы Алла Пугачева бір сағаттық сұхбат берді. Онда ол өзінің жұбайы, балалары, әлеуметтік желі қолданушылар жайлы ой жүгіртті.
Әнші үлкен қызы Кристина Орбакайтенің тәрбиесімен анасы айналысқандықтан, жастық кезінде ана болудың не екенін біле қоймағанын және қарапайым ана өмірін сүру мүмкіндігі қазір ғана бұйырғанын айтады.
«Бүгінде менің кішкене балаларым бар. Күйеуімнің (Максим Галкин – ресейлік танымал әнші) зиян әдеттері жоқ. Ол сенімді, талантты, әдемі, ұқыпты жан. Ондағы бар қасиет – керемет. Оған қарағанда: «Ақыры жолым болды-ау», - деп еріксіз ойлаймын», - деп ағынан жарылды Пугачева.
Сонымен қатар, әнші өзінің отбасымен бірге тұратын жекежайы жайлы да айтып өтті.
"Гарик пен Лизаға (Пугачеваның кіші балалары) арналған бөлмелер бар. Қонақтарға арналған бөлме, кішігірім студиялы сахна. Жұбайым мен маған арналған бөлмелер, себебі, біз өмір бойы бөлек бөлмелерде түнейміз», - деп, жалғастырды әртіс.
Жұлдыз өзінің Instagram желісіне сирек кіретінін, бірақ әлеуметтік желі қолданушыларының кәрілікке қатысты үнемі айыптауларына ұшырайтынын мойындады. Сонымен қатар, әртіс опа далапсыз түріне таңырқағандардың жағымсыз комментарийлерін де жиі оқиды.
«Иә, мен жас емеспін. Кәрілікке қарсы ештеңе істей алмайды екенсің. Алайда, жан-дүнием жас деп те айпаймын. Күнде ұйықтар алдында ойлайтыным: «Оянсам болды». Тұрсам болды ойым: «Басым айналар, отыру керек», - деп, толықтырды әнші.
Сонымен қатар, примадонна бала кезінде қатал тәртіпте өскенін, мұндай тәрбие түрінің қазіргі модаға сай келмегенімен, өзі толық риза екенін айтты. Өзінің екі кішкентайын жазалау әдісімен емес, түсіндіру арқылы тәрбиелейді.
Келесі жылдың сәуірінде Алла Пугачева 70 жылдық мерейтойын тойлайды.