Елімізде колледж студенттерінің стипендиясы өседі
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 тамыз, 2024
- 340
1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50%-ға артады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, 145 мың грант бөлінді, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған.
Сондай-ақ, колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, 104 колледждің жағдайы жақсарды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 64 білім беру ұйымына көбірек.
Биыл колледж студенттері үшін 2 103 орындық 8 жатақхана салу жоспарлануда.
«Бүгінгі күні Павлодар және Түркістан облыстарында 259 орынға арналған 2 жатақхана пайдалануға берілді. Талдау нәтижелері өңірлерде қаладан тыс келген колледж студенттері жатақханалардағы орындармен жеткіліксіз қамтамасыз етілгенін көрсетті. Алматы қаласында, Астана қаласында, Ақмола, СҚО, Алматы облыстарында жатақхана тапшылығы бар», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.