Шетелде оқитын қазақстандық студенттер Республика күніне арналған флешмоб бастады
«Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттер әлеуметтік желіде флешмоб бастады. Олар отандастарын алда келе жатқан ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап жатыр.




























































































