Сыртқы істер министрлігі Бангладешке барудан бас тартуға шақырды
- автор kyn.kz
- 7 тамыз, 2024
- 518
Сыртқы істер министрлігі азаматтарға Бангладештегі жағдайға байланысты бұл елге барудан уақытша бас тартуды ұсынды.
Оған себеп – Бангладештегі жаппай тәртіпсіздік.
"Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ведомство Қазақстан Сыртқы істер министрлігімен және Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқаратын Үндістандағы елшілікпен тұрақты байланыс орнатуға үндеді.
Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Бангладеште жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлер арқылы шұғыл хабарласа алады.
ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері:
+7 (7172) 720111 (кезекші дипломат)
+7 705 443 33 32 (ұялы телефон, WhatsApp)
Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы елшілігінің байланыс нөмірлері:
+91 1145 555 106
+91 9667 118 363