Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бангладеш халқы «Ұлт әкесі» – тұңғыш президенттің ескерткішін құлатып тастады

Бангладеш халқы «Ұлт әкесі» – тұңғыш президенттің ескерткішін құлатып тастады
Mohammad Ponir Hossain / Reuters
Бангладеш астанасы Даккада наразылық білдірушілер елдің тұңғыш президенті әрі премьер-министрі Муджибур Рахманның ескерткішін қиратып тастады.

 Ескерткіштің құлаған кадрларын Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Al Jazeera журналисі Зулькарнайн Саер Хан жариялады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Премьер-министр Үндістанға қашып кетті

Видеода қуанған адамдар тобы тұғырдан ұлт әкесіне арналған ескерткішті арқанмен тартып құлатқаны көрсетілген. Тәуелсіз Бангладештің бірінші басшысы билікке келгеннен кейін көп ұзамай бір партиялық жүйені қалпына келтіріп, баспасөз цензурасын енгізген еді. Тұңғыш президенттің қызы – Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина әкесінің саяси бағытын дәйекті түрде қайталаған. Бұл – наразылықтардың себебі болды, деп атап өтті Саер Хан.

5 тамызда Бангладеште студенттердің наразылығы ел астанасындағы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Демонстранттарға полиция мен қазіргі биліктің сөзін сөйлейтін белсенділер қарсы тұрған. Отставкаға кеткеннен кейін елдің премьер-министрі Хасина Үндістанға қашып кетті және сол жерде Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады.

Бангладештегі наразылық

Бангладештің бірнеше қаласында наразылық акциялары маусым айының соңында басталған, бірақ 4 тамызда үлкен сипатқа ұласты. Наразылықтар 1971 жылдың наурыз-желтоқсан айында Пәкістанға қарсы Бангладештің тәуелсіздік соғысында соғысқан ардагерлер отбасы мүшелері үшін мемлекеттік лауазымдардың 30%-ын сақтайтын квота жүйесіне байланысты өршіген. Студенттер 2018 жылы жойылған осы жүйені кемсіту деп қабылдады.

Сонымен қатар, наразылық білдірушілер премьер-министрдің Хасинаның отставкасын талап етті. Бангладеште екі партиялы саяси жүйе бар әрі оның бірі билікте тым ұзақ отырған.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар