Головкин Нұрбек Оралбайды құттықтады:Олимпиаданың күміс жүлдесі – үлкен марапат
- автор kyn.kz
- 8 тамыз, 2024
- 413
ҰОК президенті Геннадий Головкин бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдесін (80 келі) иеленген Нұрбек Оралбайды жетістігімен құттықтады, деп хабарлады Olympic.kz.
"Бүгін барша қазақстандық Сізбен бірге шаршы алаңда болды десек, артық емес. Олимпиаданың күміс жүлдесі – үлкен марапат. Сіз жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсеттіңіз", - деді Головкин.
Сонымен қатар ҰОК президенті Нұрбектің жеке бапкері Асқар Еркебаевты да құттықтап, ол шәкіртін Олимпиада тұғырына алып келген мықты маман екені атап өтті.
"Сіздердің алғашқы Олимпиадаларыңыз спорттық карьераларыңыздың тек бастамасы болсын. Жеңісіміз арта берсін, еліміздің көк байрағы биікте желбірей берсін!", - делінген құттықтау жеделхатында.
Айта кетері, Нұрбек Оралбай өзі қатысқан алғашқы Олимпиадада жүлдегерлер қатарына еніп отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Назым Қызайбай Олимпиада ойындарынан кейін сыйға берілген көліктерді сатып жіберген
- авторТомирис Тоныкөк
- 19 желтоқсан, 2024