«Лимон лимонадқа айналды деген осы»: Дана Нұржігіт күйеуімен болған сот процесінің біткенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 тамыз, 2024
- 397
Белгілі журналист, экс-сенатор Дана Нұржігіт неше айдан бері созылып келген сот процесінің біткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналист екінші күйеуімен соттасқан болатын.
“Қышқыл лимоннан тәтті лимонад шығара білуді өмір өзі үйретеді. Он ай бойы өзімді қорғап, тергеу, сот процестерінен өткен кезде азаматтық іс, қылмыстық іске байланысты құжаттарды зерттеп, сот отырыстарына, тергеушіге түсініктеме берерде алдын ала дайындалып баруым керек болды. Басымнан өткен 7 сот отырысының өзі маған көп нәрсе үйретті. Істі жүргізу формасы, регламенті, құрылымы, түрлі форматы… Қазір осының бәрі менің "Dana soz" шеберханасындағы дәрістеріме керекті таптырмайтын материал болды. Лимон лимонадқа айналды деген осы!" – деп жазды журналист.
Еске салайық, журналист тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтқан болатын.