Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мен сені өлтіремін»: Индира Елемес күйеуімен ажырасуға қорқатынын жеткізді

«Мен сені өлтіремін»: Индира Елемес күйеуімен ажырасуға қорқатынын жеткізді
Сурет: Ашық дереккөздерден
Ажырасайық деп ұсынғанымда «Ажалың менен болады» деп айтты

Белгілі әнші Индира Елемес күйеуімен ажыраса алмай жүргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Өнер иесі жолдасының оны ешкіммен араластырмай қойғанын айтты. Тіпті бір жыл бойы сол адамның айтқанынан шықпауының кесірінен өзіне мүлдем көңіл бөлмей кеткен. Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» подкастында әңгімеледі.

«Қазір тойларға шығып бастадым. Ол маған кедергі жасап жатыр. Ажырасамын деп шештім, менде басқа амал жоқ. Тынысым тарылды, шаршадым. Ол ажырасуға келісімін бермей жатыр. Ажырасайық деп ұсынғанымда «Ажалың менен болады» деп айтты. Сол сөздерінен қорықтым. «Ажалың менен болады» деген сөз «Мен сені өлтіремін» деген сөз ғой. Мүмкін ашумен айтқан шығар. Бәлкім мен өзіме қатты қабылдап қалған шығармын. Бірақ мен қорқамын. Балаларым үшін қорқамын. Ол жақсы әке, ол жағына айтар сыным жоқ. Бірақ мені қатты тексереді. Телефоныма «Локатор» қосымшасын жаздырып, көлігіме GPS орнатып қойған», - деді Индира Елемес.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар