«140 мың теңгеден беріледі»: министрлік мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 8 тамыз, 2024
- 992
Қазақстанда барлық азаматтарға 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем пайда болғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты министрлік мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған және онда төлемді тексеру үшін сілтемеге өту ұсынылады.
«Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Сол себепті сілтемеге өтпеген жөн. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Маусым айында Қазақстандағы тұрғын үй сатылымы сенімді өсім көрсетті
- авторkyn.kz
- 10 шілде, 2026
Алматыда кафеде ер адам танысының мойнына пышақ сұғып алды
- авторТомирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2026




