Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Тыныш жүр уағызыңды айтпай»: Бибігүл Дәулетбекқызына Елдос Сметов жақпай қалды

«Тыныш жүр уағызыңды айтпай»: Бибігүл Дәулетбекқызына Елдос Сметов жақпай қалды
Сурет: Instagram/bibiguldauletbek
Журналист ел алдында жүргендердің жастардың санасын уламай, діни әңгіме айтуларын доғаруын айтты

Журналист Бибігүл Дәулетбекке олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен белгілі адамдардың діни әңгімелері жақпай қалған. Соған байланысты ол жазба қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, діни әңгімелермен жастардың сансын улап жүр. Бұл туралы желідегі парақшасында жазды.

«Қараңғы пенделерді жек көрем! Қазақ болыңдар! Өзіміз тарыдай шашылған аз қазақпыз! Рухымыз онсызда әлсіреп барады. Әсіредіншілдерді саңырауқұлақша қаптатқандардың мұрты да қисайған жоқ. Олар жастардың саналарын улап шетел қашты. Мына қарапайым сендердің балаларың зардап шекпесін деп шырылдап жүрмін. Енді қалмағаны жас балалардың санасын улап, ұлтымызды тұздай құрту еді... Оған жол бере алмайды екенмін!», - деді ол.

Сонымен қатар, журналист елдің алдында жүрген азаматтарға уағыз айтпай, тыныш жүрулерін ескертті.

«Журналист мамандығын алғанымда ұстазым Камал Смайловқа: «Ақиқатты ғана жазамын. Қарапайым халықтың сөзін сөйлеймін» деп серт бергенмін. Осы уәдемде тұру парызым! Менің міндетім — Қазақ деген ұлтымды сақтап қалу! Бір алтын әкелді екен деп, мыңдаған баланың балағын қысқартып, сақалын ұзартып, ертеңгі күні өз халқыма қарсы шығартып ала алмайды екенмін! Қай-қайсыңа да айтарым осы: Елдің алдында жүрсің бе? Тыныш жүр уағызыңды айтпай, жастардың санасын әсіредінмен уламай! Әншісің бе? Әніңді айт! Спортшысың ба? Жаттықтыр!», — деп жазды Бибігүл Дәулетбекқызы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар