Мәдениет
“Алаңға анасын алып шығуы керек”: Мереке Қалбаева Елдос Сметовты “мамасының баласы” дегендерге ашуланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 тамыз, 2024
- 6.4k
Ер жігіттің өмірдегі миссиясы - ананың разылығын алу
Блогер, әзілкеш Мереке Қалбаева Олимпиада чемпионы Елдос Сметовты мамасының баласы деген әйелдерге жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, спортшының алаңға анасын алып шыққаны дұрыс. Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты.
“Елдос Сметовті мамасының баласы деп жатқан әйелдер құдайдан “Балам тура Елдос сияқты болса екен” деп тілеңіздер. Ер жігіттің өмірдегі миссиясы ананың разылығын алу ғой. Әйелдің күйеуінінің разылығын алу. Баланы туасың, бағасың, тілеуін тілейсің. Оқытасың, дұғада боласың. Енді рахатын көремін дегенде ол әйелінің соңынан кетеді. Көп жігіттер сондай. Сонда балаңның рахатын қашан көресің? Елдос Сметовтікі дұрыс. Алаңға анасын алып шығуы керек. Ананы алақанында ұстауы керек”, - дейді блогер.