Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Алжыған уахабтар": Айгүл Елшібаева қызды құранмен ұзатқандарға шүйлікті

"Алжыған уахабтар": Айгүл Елшібаева қызды құранмен ұзатқандарға шүйлікті
Инстаграм
Әнші: Қыз ұзатуды садақаға айналдырмай, үйден жай шығарып салыңдар!

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева соңғы кездері тойларды сүремен ашып, қызды құран аяттарымен шығарып салатындарға шүйлікті. Сөзінше бұл қазақтың салт-дәстүріне жат дүние, деп жазды Kyn.kz  тілшісі.

"Алжыған уахабтар! Қыз баланы құран оқып, өлік жөнелткендей ұзатқан не масқара. Көрген көзде жазық жоқ.Уахабтар салт-дәстүрге қарсы болсаңдар, құран оқып ұзатқанша, ұзату тойын жасамай, үйлеріңнен жібере салсаңдаршы, салт-дәстүрімізді қор қылмай.

Арабтарда күң-құл сату, әйелдің билігі екінші орында болғандықтан, қазақтың дәстүріндей қыз балаға құрметі жоқ.Тойды садақаға айналдырған, садақа мен қыз ұзату салт-дәстүрді айыра алмаған дүбара сауатсыздар.Уахаб шейхтарыңа ұнаймын дегенше, өле қалыңдар, қазақ болмай кеткірлер.

Ұлтымыздың тәрбиелі, мағыналы, қыз балаға ақ тілегімен құрмет көрсеткен салт-дәстүрін садақаға айналдырған сатқындар.Ислам діні, Әбу Ханифа мазхабын ұстаған қазақ неше ғасыр мұндай сұмдықты көрмеген шығар! Осылардыкі дұрыс па, ағайын", - деп жазады ол желідегі парақшасына.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар