Маңғыстау облысында 60 мұғалімнің жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 тамыз, 2024
- 429
Маңғыстау облысы білім басқармасы аймақтағы білім ошақтарындағы қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Былтыр және биыл жүргізілген осы жұмыстардың нәтижесінде 60 мұғалімнің бірнеше жыл бойы жалған дипломмен жұмыс істеп келгені анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Oблыстық білім басқармасының мәліметінше, олардың барлығы жұмыстан босатылған.
«Облыстың педагогтердің дипломдарын анықтау мақсатында жоғары оқу орындарына және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс жолданды. Сонымен қатар мұғалімдердің жұмыс кезеңіңдегі қаражатты мемлекеттік бюджетке кері қайтару үшін сот органдарына шағым жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», — делінген білім басқармасы таратқан ақпаратта.
Ұқсас жаңалықтар
TikTok-қа видео түсірген: Павлодарда мұғалім оқушыны ішінен ұрды
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024
Енді камералар жүргізушілерге уақытты есептеу арқылы айыппұл салады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 желтоқсан, 2024