Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Талдықорғанда такси жүргізушісінің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалған (ВИДЕО)

Талдықорғанда такси жүргізушісінің ерсі әрекеті видеоға түсіп қалған (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жұмыстан шеттетілді

Такси шақырған талдықорғандық әйел, жүргізушінің ерсі қылықтарын байқап қалған. Бірден оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі “Евразия” арнасының ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап. 

Әйелдің айтуынша, такси жүргізушісі шалбарын төмен түсіріп қойып, ұятсыз тірлікпен айналысқан. Бейнежазбаны да басқалар сақтықта жүрсін деген оймен таратыпты.

Ал рөлде ерсі әрекет көрсеткен такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жұмыстан шеттетілді. 

Полиция осы сынды адамдардың ерсі әрекетіне куә болсаңыздар, 102 пультіне хабар беруді сұрайды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар