«Айқай-шусыз ажырастық»: Бишімбаев соты арқылы танылған адвокат жеке өмірі туралы айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 тамыз, 2024
- 660
Марқұм Салтанат Нүкенованың ісі бойынша жәбірленуші тараптың қорғаушысы болған адвокат Жанна Оразбақова жеке өмірі туралы сөз қозғады. Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» youtube-арнасына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Адвокаттың үш баласы бар. Алайда ол бірінші күйеуімен 11 жыл бірге тұрып, ажырасып кеткен.
«Үш балам бар. Мұны алғаш рет осы сұхбатта айтып отырмын. Алғашқы некедегі күйеуіммен ешқандай айқай-шусыз ажырастық. Екеуміз бірге 11 жыл өмір сүріппіз. Біздің көзқарасымыз екі түрлі болды, болашақты да екеуміз екі көзқараспен қарайтын едік. Ол кезде қызымыз 11-де, ұлым 4 жаста болды. Балаларымның бізді үнемі шаршаңқы, ештеңеге көңілі толмайтын, бақытсыз, ұрысқақ түрде көргенін қаламадым. Отырып екеуміз сөйлестік, сотқа бардық. Сол кезде судьяның «ажырасудың себебі не» деп сұрағаны есімде. «Біз әрі қарай бірге өмір сүре алмаймыз. Ажырасқымыз келеді» дедім. Сосын ажырастық, дүние мүлікті бөліп алдық. Бірақ бір нәрсеге келісіп алдық, «ерлі-зайыптылық өмірді доғарғанымызбен ата-ана болу міндетіміз жалғасады» дедік. Балалар әкелерін қатты жақсы көреді, алып кетіп ойнатады, бірге уақыт өткізеді. Оның әпкесі менің ең жақын құрбым. Біз әлі күнге дейін бірге саяхаттап тұрамыз. Үшіншіме аяғым ауыр кезде реанимацияға түсіп қалдым. Сол кезде балалар әкесінің қасында болды. Мұның бәрі қалыпты, дұрыс қарым-қатынас деп ойлаймын», — деді ол.
Жанна қазіргі күйеуімен балаларының қарым-қатынасы жақсы екенін айтады.