“Рұқсат беремін”: белгілі уағызшы қыздарының екінші әйел болуын құптайтынын жасырмады
- автор Томирис Тоныкөк
- 15 тамыз, 2024
- 496
Белгілі уағызшы Дарын Мубаров қыздарының тоқал болуына қарсы болмайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.
”Қыздарым өз еркімен екінші әйел болып тұрмысқа шығамын десе, рұқсат беремін. Өйткені бұл жердегі басты сұрақ кімге шығайын деп жатыр? Егер ол аманат дегенді біліп тұрса болды. Мен қыздарымды берген құдаларым өзім танитын адамдар. Бейтаныс жерге қыз бере қоймаймыз. Кеңес үкіметінде біраз уақыт өмір сүргеннен кейін біздің қазіргі түсінігімізде көп әйел алу жабайылық болып қалған шығар, бірақ тарихқа үңілсек Бәйдібек атамыз бір әйелмен шектелсе, қазақтың іргесі кеңейе қояр ма еді?! Сондықтан Бәйдібектей тақуа болса, ешқандай қарсылығым жоқ. Көбіне жас қыздар екінші болып шыға қоймайды ғой. Жас қызды бойдақтар сұрап келеді”, — дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024