Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жақыннан көрдік»: Мұхамеджан Тазабек Сметовтың алтынына қызықты

«Жақыннан көрдік»: Мұхамеджан Тазабек Сметовтың алтынына қызықты
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Ол Олимпиададан келген жалғыз алтынды мойнына тағып көрді

Айтыскер ақын, дінтанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың алтын медалін тағып көрді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Мойнына алтын медаль таққан ол суретін Instagram-парақшасындағы Stories-те бөлісті. 

«Жалғыз алтынды жақыннан көрдік», - деп жазып қойған.

Оның мойнына тағып тұрғаны бірінші рет емес. Бір кездері қола медальін де тағып көргенін жазды.

Мұхамеджан Тазабек айтыскер ретінде 1990 мен 2001 жылдары аралығында көп жетістікке жетті. Сонымен қатар көптеген марапатқа ие болған. «Asyl arna» телеарнасының негізін қалаушы және бас директоры. Қазір Түркияның Ыстанбұл қаласында тұрады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар