“Істеген ісіме өкінемін: Қайрат Сатыбалдыұлы мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 тамыз, 2024
- 738
Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты шыққан сот үкімі өзгерді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сот оның өтінішін қанағаттандырып, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге ауыстырды. Ол пробациялық бақылауға алынады.
Ол халықтан кешірім сұрап, өз кінәсін мойындады.
“Мен жасаған қателіктерімді мойындаймын. Маған қатысты жасалған қылмыстық іс бойынша ішкі істер органына көмектесіп, заңсыз қаржыны қайтарып жатырмын.Елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару – елдің ырысын өзіне қайтару деп білемін. Бұл мемлекет басшысы қабылдаған маңызды шешімдердің бірі. Мемлекетімізде соңғы жылдары болып жатқан оң өзгерістерді көріп біліп отырмын. Мен мемлекет басшысының жүргізіп жатқан саясатын толықтай қолдаймын. Заңсыз капиталдың бәрі – тиынына дейін елге қайтарылып, заң мен тәртіп болуға тиіс! Халықтан, кезінде тізем батқан, ақысына кірген адамдардан және Мемлекет басшысынан кешірім сұраймын. Осыған дейін барлық істеген іс-әрекеттерімді саралауға, ой қорытуға уақыт жеткілікті болды. Жіберген қателігімді және кінәмді толықтай мойындай отырып, істеген ісіме өкінемін. ”, - деді ол.