Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша сот тергеуі аяқталып, жарыссөз күні белгіленді
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 тамыз, 2024
- 489
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот тергеуі аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ендігіде сот жарыссөздері өтеді.
Судья Мартпек Кәкімжанов қылмыстық іс бойынша 17 сот отырысы өткенін және тараптар мәлімдеген барлық куәгерден жауап алынғанын мәлімдеді.
«Дәлелдемелердің жиынтығы кеңесу бөлмесінде соттың айыпталушыға тағылып отырған айыптың дәлелденгені немесе дәлелденбегені туралы қорытынды жасауы үшін жеткілікті. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сот тергеуін аяқтау және сот жарыссөздерін тағайындау мүмкіндігі туралы қорытындыға келді. ҚПК-нің 22 және 344-баптарының негізінде сот қаралып отырған іс бойынша сот тергеуін аяқтауға шешім қабылдады», – деді судья.
Судья Мартпек Кәкімжанов сот жарыссөзі 22 тамызда сағат 10.00-де басталатынын атап өтті.