Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Қақатым мойнына күміс алқа тақты»: Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның шаңырақ көтергеніне 25 жыл

«Қақатым мойнына күміс алқа тақты»: Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның шаңырақ көтергеніне 25 жыл
Сурет: жеке парақшасынан
Жұлдызды жұп тамыз айының 20-сы күні некелерін қиған

Әнші Қыдырәлі Болманов әйелі Қарақатпен неке қиған күнін есіне алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жұлдызды жұптың отасқанына 25 жыл толған. Бұл туралы олар желідегі парақшасында бөлісті.

“Алланың қалауымен 20 тамыз Алматы орталық мешітінде ақ некемізді қиғызып, сол күні үйлену тойымды өткіздім. Күміс тойға аман-есен жеткізіп, Қақатымның мойнына күміс алқа тақты. Отан берген, отбасымды бақытқа толтырып, перзенттер берген, адал жар берген ерекше мейірімді Аллаға сансыз мадақтар болсын!”, – деп жазды Қыдырәлі. 

Бұған дейін әнші Қарақат Әбілдина сол күндегі суретімен бөлісіп, жазба қалдырған болатын.

«Тамыз айының 20-сы үйленген күніміз ғой. Бұйырса биыл – 25 жыл, “Күміс тойға“ да жетіп қалыппыз, шүкір! Соған архивтерді қарайын деп, ашқаным сол еді, визажист қызым қасыма келіп біраз қарап тұрды да, түрімді көріп: “Неге әдемілеп боянбағансыз? Кірпік, тырнақ жабыстырып, хайлайтер, румян жағып, шаш үлгіңіз де кішкентай қыздардың тағатын гүлдерін тағып алыпсыз” деді. Қазіргінің баласы қайдан білсін ол кезде қазіргідей макияж, кірпік жапсыру деген жоқ, бәрі табиғи болғанын”, – деп жазған еді әнші. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар