«Ғашық отын тұтатқан ақбозат мінген ханзада»: Майра Мұхамедқызы Ален Делонмен қоштасты
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 тамыз, 2024
- 734
Белгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы атақты француз актері Ален Делонмен қош айтысып, онымен кездескен сәтін еске алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Дүйім жұртқа танымал өнерпеаз 88 жасында дүниеден озды. Театр және кино актері өмірінің соңғы жылдарында актер Альцгеймер ауруымен ауырды.
“Қош болыңыз, Ален Делон! Жаныңыз жаннатта шалқысын! Менің ғана емес, бүкіл бір дәуірдің қыз-келіншектерінің жүректеріне ғашық отын тұтатқан ақбозат мінген ханзада. Махаббат пен сұлулықтың символы болған сіздің жанарыңыз, тұздай көк көзіңіз, даусыңыз, жымиған күлкіңіз, талғампаздығыңыз такаппарлығыңыз сомдаған рөлдеріңіз мәңгі адамзат мұрасына өнер деген құдыреттің болмысын архив етіп қалдырып кете бердіңіз… Рақмет, сіздің өнерге адал әрі әділетті көз-қарасыңыз бен пікірлеріңіз үшін!”, – деп жазды әнші.
Майра Мұхамедқызы Францияда жүргенде Ален делонмен жүздесіп қалған, алайда қолын ала алмапты.
“Францияда жүргенімде алыстан қарап сізге тамсанып, жаныңызға барып қолыңызды алуға батылым бармады. Өйткені, сіз менің бала кезімде ғашық деген ғажап әрі құрметті сезімді оятқансыз. “Зорро” фильмін мың рет көрсем де еш жалыққан емеспін. Әдемілікке ғашық болуды үйреткен өзіңіз. Сол үшін рақмет, сізге!”, – деді өнер иесі.