Мәдениет
“Шын тудың ба?”: Мөлдір Анарбаева 50 жасында қызды болған Баян Мақсатқызын күлкіге айналдырды
- автор Томирис Тоныкөк
- 20 тамыз, 2024
- 23.9k
Блогер продюсерді шетелден келетін ешкілермен салыстырып оны ана болуымен құттықтады
Блогер Мөлдір Анарбаева 50 жасында төртінші рет ана атанған Баян Мақсатқызын ерекше құттықтап, оны жылына төрт рет төлдейтін ешкілермен салыстырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер төртінші рет ана атанған Баянның жылдам балалы болғанына таңданып, жұртты әзілімен күлдірді.
“Не дейміз?! Баяшка, жарайсыз. Күнара туасыз. Шетелден келетін ешкілерден де озды. Олар жылына төрт рет туады деп естіп едік. Миым жетпей отыр. Оның үстіне орысшамды да білесің. Кеше ғана туып едің, бүгін тағы да туып отырсың. Шын тудың ба әлде атын ауыстырдың ба?! Ертең ұл ұстап отырмашы. Не болса да, аман болсын! Дені сау ұрпақ өссін! Обалы не керек, Баян өзіме ұнайды”, – деп жазды блогер келіншек.
Ұқсас жаңалықтар
Мәдениет
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024