Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Жетіскендер-ай»: күміс тойын тойлаған Қыдырәлі мен Қарақатты жұрт сынап тастады (ВИДЕО)

«Жетіскендер-ай»: күміс тойын тойлаған Қыдырәлі мен Қарақатты жұрт сынап тастады (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Қыдырәлі мен Қарақат ақ көйлек киіп, неке қию рәсімін өткізді

Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақаттың 25 жылдық күміс тойларын дүркіретіп тойлады. Алайда, желі қолданушылары мұны әбестік санап, өнер иелерін сынады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қыдырәлі мен Қарақат ақ көйлек киіп, неке қию рәсімін өткізді. Олардың шаңырақ көтергеніне 25 жыл толған.

Елдің талқысына түскен тойды әншілердің өздері желідегі парақшаларында бөліскен. Видеоның астына оқырмандары неше түрлі пікірлер қалдырған. Бірі екеуіне бақыт тілеп, бірге қартаюды тілеген. Енді бірі әншілердің әрекетін сынады.

 «Бұл не той неке жүзік не үшін қайта салынып жатыр. Гаухар той болса неге жас жұбайлар сияқты жар жар айтып тойлап жатыр. Түсініксіз. Жоқ нәрсені шыгарады екен», «Еее, ақша не істетпейді, шіркін»,  «Құдай-ай, тағы не шығардыңдар, жетіскендер-ай, одан да келін алмадыңдар ма, іштерің пысса» деп жазды желі қолданушылары.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар