Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Кеудесімен басып қалған»: Павлодар облысында екі сәби көз жұмды

«Кеудесімен басып қалған»: Павлодар облысында екі сәби көз жұмды
Сурет: pixabay.com
Анасы түнде тамақтандыру кезінде ұйықтап кеткен

Павлодарда облысында аналарының қателігінен сәбилері көз жұмды. Бұл туралы Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"20 тамыз күні 28 күндік нәресте көз жұмды. Анасы түнде тамақтандыру кезінде ұйықтап қалып, кеудесімен басып қалған", – дейді Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жұлдыз Шахитдинова.

Ал екінші жағдай 14 тамыз күні орын алған.

“Нәресте екі ай жеті күндік болған. Шала туылғандықтан салмағы аз болған. Анасы емізіп жатып ұйықтап қалған. Таңертеңгі сағат 03:15-те әйел оянғанда бөпесі шетінеп кеткенін бірақ білген", – дейді дәрігер.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар