Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Алжыған ұятсыздар»: ата мен әженің көрпе астындағы іс-әрекеті көпшіліктің ашуына тиді (ВИДЕО)

«Алжыған ұятсыздар»: ата мен әженің көрпе астындағы іс-әрекеті көпшіліктің ашуына тиді (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Желі қолданушылары құдалық кезінде қыздың жасауын әкелгенде көрсетілетін қазақы ырым деп жазуда

Ата мен әженің дүйім жұрттың көзінше көрпе жамылып жатқаны көпшіліктің ашуына тиді. Бұл туралы видео желіде тарап кетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл оқиғаға қатысты кейбір желі қолданушылары құдалық кезінде қыздың жасауын әкелгенде көрсетілетін қазақы ырым деп жазуда. Алайда ата мен әженің бұл әрекеті енді бірінің шамына тиген. 

«Мынаны көріп тұрган ана кіші балалар не ойлайды? Арсыздар!!!Ақсақалдарымыз осындай болса, жетіскен екенбіз!», "Не масқара шалдікі не, артылып мініп алғаны несі, алжыған ұятсыздар», "Құдалықта жасалатын осы салттың керегі не?», «Ұят қой мынау, масқара! Ақсақалдарымыздан да ес кетіп есер болған заман-ай. Мынау не масқара, үлкендерден үлгі алар ештеңе қалмады. Жабайылық» деп жазған желі қолданушылары.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар